Көмек
Жиі қойылатын сұрақтар
Тіркелу мен оқу тапсырмалары туралы жауаптар.
Жоба кімге арналған?
Қазақша сауатты жазуға қызығатын 7 және 8-сынып оқушыларына арналған.
Қалай тіркелемін?
«Тіркелу» бетінде атыңды немесе лақап атыңды, email мен құпиясөзді жаз. 7 немесе 8-сыныпты таңда. Тіркелмес бұрын шарттар мен деректерді өңдеу туралы ақпаратпен ата-анаңмен немесе заңды өкіліңмен бірге таныс.
Тіркелу үшін не қажет?
Email, құпиясөз, атың немесе лақап атың және сыныбың қажет. Телефон нөмірі сұралмайды. Email мекенжайын растау қажет емес; аккаунтқа тіркелген email мен құпиясөз арқылы кіресің.
Сыныбымды өзгерте аламын ба?
Тіркелгенде таңдаған сыныбың жеке кабинетте сақталады. Қазір оны өзгерту мүмкін емес.
Қандай тапсырмалар бар?
Жеке кабинетте сыныбыңа арналған хабарламаны түзету, қате сөздерді жазу, диктант және 7 күндік «Qazaq» челленджі бар. Жауаптар мен тексеру нәтижелері аккаунтыңда сақталады.
Құпиясөзімді ұмытсам не істеймін?
Құпиясөзді қалпына келтіру функциясы қолжетімді емес. Құпиясөзді қауіпсіз жерде сақта. Құпиясөзді ұмытсаң, аккаунтқа кіре алмауың мүмкін.
Аккаунтты қалай жоямын?
Жеке кабинеттегі «Аккаунтты жою» бөлімін ашып, құпиясөзіңді енгіз. Аккаунт пен оған байланысты профиль және тапсырма нәтижелері жойылады.
Жоба ақылы ма?
Жоқ. Платформаны пайдалану тегін. Төлемдер, жазылымдар және жарнама жоқ.